Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Ашура» күніне ауыз ашар берілді
23 қазан, 2015 жыл 114 Басып шығару нұсқасы

Теміртау қалалық мешітінде «Ашура» күніне орай жамағатқа ауыз ашар берілді. Теміртау қалалық мешітінің бас имамы Қанат Анасұлы мешітке жамағатты жинап ауыз ашар жастарханын жайды. Хадис шәрифте былай делінеді: «Рамазаннан кейінгі ең құнды ораза – Мухаррам айында тұтылған ораза болып табылады» (Мүслим). Бұл күні ораза тұтқан пендесіне Алла тағаланың сый-құрметі көп. Хадис шәрифтрде «Ашура» күні ауыз бектікен жанға берілер сауабы жайлы былай дейді: «Ашура күні ораза тұтқан адамның бір жылдық күнәлары кешіріледі.» (Мүслим, Тирмизи, И. Ахмед, Табарани). «Ашура күні ораза тұтқан адам сол жылы тұта алмаған (нәпіл) оразаларының сауабына қауышады.» (Дәйләми) Тағы бір хадис шәрифте: «Ашураның құндылығынан пайдаланыңдар! Бұл қасиетті күнде ораза тұтқан адам періштелер, пайғамбарлар, шәһидтер және салихтердің ғибадаттарындай сауапқа қауышады.» (Шира), - делінген. Осындай мол сауапқа кенелетін күні Қанат Анасұлы ораза тұтқандарды тамақтандырып, сауапты іс жасады. Алла Тағала құлдарының оразасын қабыл етіп, сауапты амалдары үшін ризық-несібесін нәсіп етсін дейміз!


[gallery link="file" ids="20123,20124,20125"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары