Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Адасушылықтың арты жақсылыққа апармайды...
23 қазан, 2015 жыл 85 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы, Қарағанды облыстық орталық мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа Қазкенұлы студенттерге жат ағымның жақсылыққа апармайтынын түсіндірді. Өмірзақ қажы Қазкенұлы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің жатаханасында студенттермен кездесу өткізді. «Адасудың алды – жөн, арты – соқпақ, оларға жөн – арамның сөзін ұқпақ», - деп Абай атамыз айтқандай албыртқан жастықта жастар әр нәрсеге сенгіш-ақ келеді. Олардың осал тұсын пайдаланып, ислам атын жамылғандар жолдан тайдыруға дайын тұрады. Сондықтан да бүгінгі күні діни басқарма жастарды дәстүлі дінімізге баулып, ақпараттық-насихат жүргізуде. Өкіл имам студенттерге исламның құндылықтарын әспеттеп, жастардың түсіне бермейтін «хижра», «жиһад» сөздерінің негізгі мағынасын ашып берді. Сонымен бірге тұғыры биік «Мұсылман тұғырнамасымен» таныстырып, дініміздің негізгі қағидалары мен талаптарын осы құжаттан таба алатынын айтты. Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, дін жайында көп мағұлматқа қанық болды. Сөз соңында Ө.Қ. Бекқожа жастарды сыйластыққа, бір-бірімен тату болуға шақырды.


Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="20087,20088,20089"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары