Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде Ашура күні кеңінен насихатталған болатын. Нәтижесінде мешіт жамағаты бірнеше күн ауыз бекітіп, қайырымды істер жасады. Мешіттің бас имамы Нұров Махмұтқажы Нұрұлы Ашура күнінде ауыз бекіткен жамағатқа арнайы дастархан жайып, ауызашар берді. «Ашураның құндылығынан пайдаланыңдар! Бұл қасиетті күнде ораза тұтқан адам періштелер, пайғамбарлар, шәһидтер және салихтердің ғибадаттарындай сауапқа қауышады.» (Шира) деген хадисті негіз тұтқан мұсылман бауырлар, мол сауаптан кенде қалмады.
«Бала қажы» мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер