Нұра ауданының ауылдарына Құран кітап таратылды. Бахрейн елінен сый ретінде келген қасиетті Құран кітап Қарағанды облысына да жетіп, ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Ө.Қ.Бекқожа Қарағанды өңіріне қарасты қала, аудандарға үлестірген болатын. Ауылдарға аманат етілген Құран кітапты аудан имамдары ауылды аймақтарға табыс етті. Нұра аудандық мешіттің бас имамы Құмар Коныскерей қасиетті Құран кітабын 24 ауыл имамдарына табыстады.Енді ауыл жамағаты да мешіттен барып, осы қасиетті кітапты оқуына мүмкіндік бар. Мешіт имамдары ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлына шексіз алғыстарын білдірді.
Пікірлер