Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Студенттерге діни сауаттылық турасында түсінік берілді
30 қазан, 2015 жыл 101 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Ысқақ Абдрахманов ҚАрМТУ-нің №1 жатақханасында студенттермен кездесті. Наиб имам «Зайырлы мемлекетте діннің алатын орны» тақырыбында сөз қозғады. Бірнеше ұлт пен ұлыс өкілдері тұратын Қазақстан үшін дінаралық татулықты сақтап тұру, конфессияаралық қатынастың маңызы зор. Дін өкілі «Тәуелсіз Қазақстанда бейбіт әрі тату тұру үшін барлық жағдай қарастырылған. Қоғамда жастар арасында орын алып жатқан діни экстремизм мен діни ағымдарға бөліну ел ішіне іріткі салғысы келетіндердің әрекеті», - деді. Сонымен қатар бүгінгі күні мемлекет діни мекемелермен тығыз байланыста. 2011 жылы қазан айында қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы ҚР-ның заңнамасы ел ішіндегі діни ахуалды бірқалыпқа келтіргенін баса айтты.


Бұдан өзге Ысқақ Рахимбекұлы исламдағы мазхаб, муташабихат және мухкамның мағынасын ашып айтып түсіндірді. Бұл сөздерді қарапайым адамдар ажыратып түсіне білмейді, сондықтан да осы жолда терең білімі бар ұстаздар мен дінтанушыларға жүгінгендері абзал деді. Студенттер де екіойлы сауалдарын қойып тұшымды жауап алды.


Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="20293,20292,20291"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары