Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Отанды сүю – иманнан
01 қараша, 2015 жыл 95 Басып шығару нұсқасы
Нұра ауданына қарасты Шахтёр ауылында Нұра аудандық мешітінің бас имамы Құмар Коныскерей мектеп оқушыларымен кездесті. Бас имам «Отанды сүю – иманнан» тақырыбы аясында сөз қозғап, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік, атамекенге деген ыстық сезім жүрегі иманға толы әр адамның бойынан табылатынын түсіндірді. Оқушыларға хадис, аяттардан дәлел келтіре отыра, Отанға деген махаббаттың маңыздылығы жайында әсерлі уағыз айтты. «Отанды сүю отбасынан басталады» дегенді алға тартып, туып өскен еліңді сүю – ең алдымен ата-анаңды құрметтеу, туған-туыс, бауырларыңа жақсы қарау, - деді Құмар Қоныскерей. Оқушылар бас имамға сұрақтарын қойып, сауалдарына жауап алды. Мектеп директоры мен ұстаздары мешіт имамына алғысын білдіріп, дін аясындағы кездесулер оқушылардың сауатын арттырып, адами құндылықтарын жоғарылатады деді.

 

[gallery link="file" ids="20319,20320,20321"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары