Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Зекет жайында ақпарат берілді
01 қараша, 2015 жыл 100 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша «Зекет» қорының жетекшісі Еркебай Жұматаев Ақтоғай ауданы мен Шет ауданы, Ағадыр кентіне іс-сапармен барып қайтты. Өңір халқымен және жеке кәсіпкерлермен кездесіп, зекет жайында түсінік берді. Елімізде әлеуметтік жағдайы төмен, жарымжан жандар қаншама. Алла разылығы үшін деп зекет берген жомарт жандардың арқасында «зекет қоры» осындай қиналып жәрдем сұраған, халі нашар жандарға қол ұшын беріп келеді. Бүгін де халық арасында көбі садақа мен зекетті шатастырып, зекет жайында нақты біле қоймайды. Осыны ескерген Жұматаев Еркебай елді-мекендерді аралап, халықпен жүздесіп, «Мұсылман әдебі – Зекет беру» тақырыбы аясында толыққанды ақпарат берді. Зекет беру әдебімен таныстырып, оның қаншалықты сауапты іс екенін, зекет берген адамның керісінше ризық-несібесі арта түсетіні жайында хабардар етті. Аудан маңындағы шалғай ауыл-аймақтарға да барып, мәлімет берілді. «Зекет қорының» жетекшісі зекет берушілер көбейген сайын, біздің көмекке зәру адамдарға қол ұшын беруімізге жағдай туады дейді. Жергілікті елдің халқы бұл істі мақұлдап, түсінбеушілік тудырған сұрақтарына жауап алды.


Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="20327,20328,20329,20330,20331,20332,20333,20334"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары