Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Өкіл имам жамағатқа жақын болуға шақырды
05 қараша, 2015 жыл 85 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы,  Қарағанды облыстық орталық мешітінің бас имамы Бекқожа Өмірзақ қажы Қазкенұлы «Бала қажы» мешітінде болды. «Бала қажы» мешітінің бас имамы Нұров Махмұт қажы және наиб имамдармен жекелей кездесіп, мешіттің ішкі-сыртқы ахуалымен танысты. Мешіт асханасындағы құрылыстың сәтті аяқталуын тілеп, жобадағы тамаша көрініске тамсанды. Бас имам Махмұд қажы Нұрұлының рухани басқосулар мен қайырымдылық іс-шараларды көптеп өткізіп жүргені үшін ризашылығын білдірді. Діни экстремизмнің қанат жаюына төтеп беру, жат ағымнан сақтану секілді қоғамдағы өзекті мәселелерге бей-жай қарап қалмай, халыққа өзекті ой тастап жүрген мешіт қызметкерлерінің жұмысына алғысын жеткізген өкіл имам осы атқарылып жатқан істер тоқтап қалмауын да ескертті. Алдағы мақсат, мешіт жамағаты мен халық арасында діни насихаттарды кеңінен жүргізу. Халықтың діни сауатын ашуына бағыт-бағдар беру, көмек қолын созу. Наиб имамдар да өкіл имаммен болған кездесуде өздері тарапынан пікірлер білдіріп, ұсыныстар айтты. Өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлы осы мақсатта бірлікте жұмыс жасап, халыққа жақын болуға шақырды.


«Бала қажы» мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="20412,20413,20414"]


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары