Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Тәпсір тұнығы» (29-пара) кітабының таныстырылымы болып өтті (ФОТО)
06 қараша, 2015 жыл 33 Басып шығару нұсқасы
Қазақ рухани әлемі тағы бір тамаша туындымен толықты. Тәпсір саласындағы саусақпен санарлықтай азғана әдебиеттің қатарын арттырған тамаша туындының бүгін Астана жұртшылығына таныстырылымы болып өтті.


ҚМДБ-ның төраға орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлының қаламынан туындаған «Тәпсір тұнығының» осыдан бір жыл бұрын І-томдығы (30-пара) жарық көрген болатын. Қызметтік қарбаласқа қарамастан қаламын қолынан тастамаған Серікбай Сатыбалдыұлы араға жылға жуық уақыт салып, аталмыш көптомдықтың екінші томдығын (29-пара тәпсірін) жұртшылық игілігіне ұсынып отыр.


Тәпсір саласындағы дүниелердің жалпақ жұртқа түсінікті һәм қызықты болуы автордың терең діни білімімен бірге, көркем сөздің көрігін қыздыратындай шеберлігіне де байланысты. Бұл орайда аталмыш кітапты парақтай отырып, автор тілінің шұрайлылығына еріксіз тәнті боласыз. Қасиетті Құран Кәрім аяттарының ақиқатын қазақы ұғымымызға лайықтап, асқан дәлдікпен аударған Серікбай қажы Сатыбалдыұлының қаламынан алдағы қазақ халқына қажетті әлі талай дүниелер туатыны даусыз.


Қазақ оқырмандарын қуанышқа бөлеген «Тәпсір тұнығы» кітабының ІІ-томдығының танытымына еліміздің бірқатар дінтанушылары мен ғалымдары, ҚМДБ-ның қызметкерлері мен медресе шәкірттері, зиялы қауым өкілдері қатысты. Игі шара барысында Астана қаласында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің дінтану кафедрасының меңгерушісі Әшірбек Құрбанұлы мен белгілі дін ғалымы Мұхан Исахан баяндама жасап, аталмыш кітап жайлы оң пікірлерін білдірді. Жиналған жұртшылық кітап авторына көкейде жүрген сұрақтарын қойып, танытым кеші тағылымға толы болды.


[gallery link="file" ids="20446,20447,20448,20449,20450,20451,20452"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары