Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Тәртіп сақшыларымен кездесу өтті
09 қараша, 2015 жыл 95 Басып шығару нұсқасы

      Қараша айының  5 күні  Нұра аудандық орталық  мешітінің бас имамы Хумар Қоныскерей және ішкі саясат бөлімінің басшысы Даутова Зара  Ахметжанқызы  қоғам  тыныштығын күзетіп, халықтың бас-амандығын арқалап жүрген аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері  мен ауданға қарасты әр ауылдық жердің учаскелік полиция мамандарымен  жүйелі кездесу өткізді.


  Кездесу барысында  бас имам асыл дінімізді теріс бағытта бұрмалап, жастарымыздың санасын улап жатқан жат ағымдардың іс-әрекеттері жайлы немқұрайлы қарамау қажеттігін  айта келе,  «хижра» сөзінің де мән-мағынасын  сөзге тиек етті. Жалпы ішкі саясат бөлімі осы бағытта  жүргізіліп жатқан жұмыстары  жайлы сөз алған бөлім басшысы Даутова Зара  алдағы уақыттарда да бірлесіп жұмыс атқаратындықтарын айтты.  Кездесу соңында бас имам, өздеріне жүктелген қызметтік  міндеттерін адал атқарып, аудан тұрғындарының тыныштығын қамтамасыз етуде, қылмыспен күресте айтулы еңбек етіп, қырағылық танытып жүрген сала мамандарына батасын беріп тарасты.


[gallery ids="20468,20469,20470"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары