Жұма күні ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Абай ауданында жаңа бас имам тағайындалды. Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Кәрсембаев Дарxан ауданның жаңа имамын жамағатқа таныстырып, арнайы сайлады. Жаңадан келген бас имам Түсіпбеков Асылxан Балқаш қаласының мешітінде бас имам қызметінде біраз жұмыс атқарған. Алдағы уақытта Асылxан Түсіпбеков аудан xалқымен тығыз байланыста болып, үйреншікті жұмысын әрі қарай дөңгелетіп алып кететінін айтты.
Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер