Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Болашақ дінтанушы студенттермен кездесті
10 қараша, 2015 жыл 95 Басып шығару нұсқасы

«Нұр–Мүбәрак» университетінің магистратурасында білім алып жатқан Айбар Асхатбек ҚарМТУ студенттерімен кездесті. «Дін және жастар» тақырыбы аясында студенттердің алдында сөз алған Айбар Асхатбек «Исламда ең алғаш Құран Кәрімнің «Ғалақ» сүресінің «Оқы» деген аяты түскен болатын. Бұл аятта ілім үйренудің маңызы мен артықшылығы жайлы айтылады», -деді. Жас маманның айтуынша қазіргі жастар естігені мен ғаламтор беттерінен оқығанын қанағат тұтып, өздері білуге тырыспайды.


Діни сауаттылықтың аздығынан жастардың теріс пиғылды діни ағымдардың қармағына ілініп жатқаны жас дінтанушыны қынжылтады. Жиналған студенттерге Айбар Асхатбек ислам дініндегі білуге тиіс ұстанымдар мен негіздеріне жеке тоқталып өтті. Сонымен бірге ол Сирияға кетіп жатқан қандастарымыз туралы да сөз етті. Мұның барлығы дін туралы білім бұлағының лайлануында деді. Студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, толыққанды жауап та алды. Арты қызу пікірталасқа ұласып, студенттер көптеген сұрақтарына тұшымды жауап алғандарын айтты. Осы жерде айта кету керек Нұр-Мүбәрак университеті жоғары сапалы исламтанушы, дінтанушы және араб-ағылшын тілі мамандарын дайындайтын Қазақстандағы жалғыз оқу орны. Осы универсиеттің бакалаврын тәмамдап, әрі қарай магистраиурасында білімін жетілдіріп жатқан Айбар Асхатбектің мақсаты өркениетті елдің жастарына дұрыс, пайдалы ілім үйрету.


Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="20548,20549,20550,20551"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары