Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Ілім – иманның тірегі!
17 қараша, 2015 жыл 139 Басып шығару нұсқасы

Құран Кәрімнің «Әнбия» сүресіндегі «Білмесеңдер әһли зікірден (білім иелерінен) сұраңдар» деген аятты жадыларынан шығармайтын Ақтоғай аудандық мешіт жамағаты өз білімдерін тереңдетуде. Орталық мешітке «Ақниет» қорынан келген ұстаз, теолог Калибеков Рүстем Оразұлы жамағатқа ілім алудың пайдасы мен білім иелірінің Алланың алдындағы дәрежесі туралы мол уағыз айтты. Мешітіміздің бас имамы Ардақ Әділханұлының ұйымдастыруымен өткізілген жиынға жиналған жастар ұстаздан мол білім алып, пайдалы іліммен сусындап қайтты. «Алла иман еткендерді көтереді. Ал, ілім берілген мүминдерді (жаннатта) қат-қат дәрежелерге көтереді.» (Мүжәдәлә, 11-аят). Мешіт жамағаты ұстаз Рустем Оразұлының берген насихатына дән риза болып, қимай қоштасты. Тағы да келіп, мол уағыздар айтуын тілеп, тарқасты.


Ақтоғай аудандық орталық мешіттің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="20734,20735,20736"]

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары