Бас имам Орманбет Болатұлы кезекті еңбек демалысынан шыққан сәттен жұмыс барысын оқу-ағарту барысы бойынша бастады. Мешіт жанындағы діни сауат ашу курсындағы шәкірттермен сұхбат құрып, білімді болудың артықшылықтары мен дінді саналы түрде тануға негізделген насихат айтты. Бүгінде үш топқа бөлінген дәрістерге елуден астам ер азаматтар қатысады. Сауатты болудың ерекшеліктері турасында болған сұхбаттан соң шәкірттердің бір бөлігі тәжиуд ережелерінен емтихан тапсырды. Имамдар алдында емтихан тапсырған шәкірттер өз біліктіліктерін көрсетті. Өз дәрежесінде алынған емтиханнан сүрінбей өткен шәкірттерге діни кітаптар сыйға берілді.
Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер