Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Елімізге танымал теолог жастармен кездесті
19 қараша, 2015 жыл 216 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды қаласының «Нұр Отан» партиясы ғимаратында теолог, ғалым, РАНТ мүшесі Әбсаттар Смановпен кездесу өтті. Танымал теолог Қарағанды өңіріне іс-сапармен келіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Бүгін «Жас Отан» Жастар қанаты мен Қарағанды қалалық №1 мешітінің бас имамы Орманбет қажы Болатұлы және «Жастар ісі» бөлімінің меңгерушісі Уақасов Мадиярдың ұйымдастыруымен өңір жастары Әбсаттар Смановпен кездесуге мүмкіндік алды.


Жастар алдында сөз алған білікті дінтанушы бүгінгінің басты мәселесі болып отырған жат ағымдардың себеп-салдары жайында, теріс пиғылды діни ағымдар мен дәстүрлі діннің ара-жігін ажырата білу керектігін түсіндірді. Сонымен бірге жастардың кемел болашақтың кепілі екенін айта келе, жас буынның көзі қарақты, ойы толысқан болуы әсте маңызды екенін айтты. Жастарға екі дүниенің сұлтаны – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірінен мысал келтіре отыра, бүгінгі күннің өзекті мәселелерін тілге тиек етті.


Аталмыш кездесуге Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұстазы Нұрбол Тағаев пен осы жиынның басы қасында жүрген Қарағанды қалалық №1 мешітінің бас имамы Орманбет қажы Болатұлы және «Жастар ісі» бөлімінің меңгерушісі Уақасов Мадияр қатысып, теолог маманға алғыстарын білдірді.


Жастар дін өкілдеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толғандырып жүрген сауалдарына жауап алды.


Әбасаттар Смановтың кезекті кездесуі жұма күні Қарағанды облыстық орталық мешітінде өтетін болады.


Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="20786,20787,20788,20782,20783,20781,20779,20773,20772,20766,20767,20768,20770,20771,20765,20764,20763,20762,20761,20760,20759,20795"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары