Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Ауыл халқына түсіндіру жұмыстары жүргізілді
23 қараша, 2015 жыл 11 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкілі Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасы бойынша «Жастар – ел болашағы» атты акцияның аясында Қарағанды облыстық орталық мешіт қызметкерлері әр түрлі шаралар өткізуде. Бүгінгі өскелең ұрпақ – ертеңгі елдің тірегі. Жас буынның жаңылыспай қоғамға дұрыс бейімделіп, еліне-жеріне адал болып өсуі әсте маңызды. Мешіттің ұстазы Джаримбетов Мұхит осы қағиданы берік ұстанғандардың бірі. Қоғамда белең алған жат ағымдардың алдын алу бойынша үгіт-насихат жүргізіп, осы істі қолына алған ұстаз алдымыздағы аптада Бұқар жырау ауданына іс-сапармен шығып, ауданға қарасты ауылды мекендерді аралап, халықпен тілдесіп қайтты. Алдымен Бұқар жырау ауылына ат басын бұрған ұстаз мектеп оқушыларымен кездесіп, діни экстремиз мен терроризм туралы тоқтала келе, бұл нағыз адасушылық екенін түсіндірді. Жат ағымның ығына жығылып, қателесіп от басып жүрген жастар жайында әңгімелеп, жат ағымнан сақ болуға шақырды.


Мектеп мұғалімдері мен оқушылар тарапынан ұстазға сұрақтар қойылып, біраз ақпаратқа қанық болды. Оқушыларға арнайы слайд көрсетіліп, барлығы толыққанды түсіндірілді.


Ауыл халқы баламызды басқа ағымға кіріп кете ме деген үреймен қалаға жіберуге қорқақтаймыз деді. Ұстаз: « Ең бастысы білімнің дұрыс берілуі. Сондықтан да қандай да болмасын туындаған сұрақтарына мешіт қызметкерлерінің көмегіне жүгінген дұрыс», - деп ақыл кеңесін айтты. Тұрғындар ризашылықтарын білдіріп, рухани нәр алғандарын жасырмады.


Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="20870,20871,20872,20873,20874,20875,20876,20877,20878,20879,20880,20881,20882,20883,20884,20885,20886"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары