Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Еркін елдің болашағы – жастардың қолында
23 қараша, 2015 жыл 149 Басып шығару нұсқасы

«Жастар – елдің болашағы» акциясы Балқаш өңірінде кеңінен насихатталып жатыр. ҚМДБ-ның Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасы негізінде Балқаш қаласы мешітінің бас имамы Ербол Мұқанұлы әртүрлі шараларды ұйымдастыруды қолға алған. Білім ошақтарындағы жастардың қанатын кеңейтіп, діни ілімдерін молайту мақсатында №9 жалпы білім беретін орта мектепте кездесу өткізді. Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының және ҚМДБ-нан келген үгіт-насихат негізіндегі бейнелер үлкен экран арқылы мектеп оқушыларына көрсетілді. Жастар бұл жиыннан діни экстремизмнің алдын алу, жат ағымнан бойды алыс ұстау, Исламның құндылықтарын игеріп тура жолдан адаспау сынды өзекті тақырыптар жайында мол насихат алды. Бас имам Ербол Мұқанұлы жастарға еліміздің бетке тұтар азаматы болу үшін мол білім алып, діни сауатты тереңдету қажет. Сол мақсатта мешітімізде өткізілетін сауат ашу дәрістеріне келіп, білім алуларын айтты. Сондай-ақ, жұма намаздарына қатысып, иманды бекіту керек деп жұмыссыз жүрген жастарға уақытты тиімді пайдалануды ұсынды.


Осындай кең ауқымдағы шара басқа да білім ордаларында жалғасын тапты. Бүгінгі күнннің өзекті тақырыбына айналып отырған діни экстремизм мәселесі Балқаш мешітінің имамдарын да бей-жай қалдырмайды. Мешітіміздің наиб имамы Валиев Ахмалуллох пен Айтқазин Рауан №5 және №15 Жалпы білім беретін орта мектеп ұжымы, оқушылар жіне ата-аналармен кездесу өткізді. Наиб имам А.Валиев діни экстремизммен күрес жолын бүге-шүгесіне дейін анықтап жеткізді. Яғни, жат ағымдардың қай жерлерде шоғырланатыны, олардың көздеген мақсаттары қандай екендігі, сақтану жолдары айтылды.


«Балаларды, соның ішінде жасөспірімнің санасын арбау үшін қолданылатын көптеген тәсілдерді әрбір ата-ана үй ішінде перзентіне дәріптеп жеткізгені дұрыс. Бос тұрған ғимараттар мен танымайтын ортаға баланың үйір болмағаны абзал. Мүмкіндік болса баланы жастайынан мешітке жіберіп, діни сауат алдырып отырсаңыздар нұр үстіне нұр болады», - деп наиб имам ата-аналар мен мұғалімдерге ізгі тілегін жеткізді. Баласының өміріне үлкен жауапкершілік танытатын ата-аналар имамдардан мол уағыз-насихат алып қайтты.


«Жастар – елдің болашағы» акциясы Балқаш қаласының ФОК спорт кешенінде жалғасын тапты. Өңір жастарының арасында күрестен белдесу өткізілді. Жүлделі орындарға ие болған спортшы жастарға мақтау қағаздары, кілем жіне техникалық заттар табыс етілді. Осындай игі шараны ұйымдастарған мешітіміздің бас имамы Е.М.Төлтаевқа халық ризашылық танытты. Елдің ертеңі болар жастар әрдайым бас имамның назарынан тыс қалмақ емес. Алдағы күнде де жастар арасында насихат жұмыстары жүргізілетін болады.


Балқаш қаласы мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="20981,20982,20983,20984,20985,20986,20987,20988,20989,21032,21033,21034"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары