Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Көп балалы анаға көмек көрсетілді
23 қараша, 2015 жыл 97 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұстазы Бакирова Арай шәкірттерімен бірге көп балалы анаға қол ұшын созды. 6 қыздың анасы отағасынан айырылып, балалары кішкентай болғандықтан жұмыс істеуге мүмкіндік болмай отыр. Мешітке келіп, ұстаздан дәріс алып жүрген қыздар жамағаты бұл жағдайға бей-жай қарай алмады. Мешіт ұстазы Арай Серғалиқызы мен шәкірттері бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, жағдайы төмен отбасыға қолдарынан келгенінше көмек көрсетуді жөн деп тапқан. Көп балалы ананың үйіне барып, кішкене бүлдіршіндердің тәтті қылықтарына тамсанып, өз қолдарымен пісірген тәтті-дәмдерімен бөлісіп, үйге керек азық-түліктерін ала барды. Сонымен қатар балалардың анасына қыздар өз аттарынан 30 мың теңге ақшалай көмек көрсетті.


Алдағы уақытта да бұл отбасыға қолдан келгенше жәрдем жасалып тұрады дейді мешіт ұстазы мен шәкірттер.


[gallery link="file" ids="20994,20996,20997,20998,20999,21000,21002"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары