Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қыздар жамағаты Құран хатым етті
24 қараша, 2015 жыл 157 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облыстық орталық мешітінде Құран хатым жасалды. Мешіттің ұстазы Бакирова Арай шәкірттерімен бірге Құран хатым етті. Мұндай игі іс қыздар жамағаты арасында алғаш емес. Екі аптада бір рет мешіт ұстазы мен шәкірттері Аллаға мадақ, Пайғамбарымзға (с.ғ.с) салауат айтып, елімізге амандық тілеп, әруақтардың рухына, жақындардың саулығына Құран бағыштауды ұмытқан емес. Бұл жолғы Құран хатым тәуелсіздік үшін жанын берген Қайрат, Ләззат сынды желтоқсан оқиғасында құрбан болғандарға және екі дүниенің сұлтаны, ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) дүниеге келген күні – Мәуліт мерекесінің құрметіне арналды. Мәуліт – мұсылман қауымының ең ауқымды әрі мағынасы терең, қасиетті мерекелерінің бірі. Жақындап қалған Мәуліт мерекесіне дайындық басталып, жылдағы дәстүр бойынша өз деңгейінде аталып өтпек.


Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="21037,21038,21039"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары