Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Ұстаз еңбегі бағаланды
24 қараша, 2015 жыл 41 Басып шығару нұсқасы

Ұстазсызы жақсының ұстамы жақсы демекші қай кезде болмасын білім нәрімен сусындатқан ұстаздардың орны ерекше. Дана да, ғалым да бәрі де ұстаздан хат танып, ұстаздан білім алған. Зеректік пен аса іждаһаттылықты талап ететін діни ілім беретін ұстаздардың да еңбегі өлшеусіз. Дін – тәрбиенің басы. Діни сауаты бар адам ешқашан жаман әрекетке бармайтыны анық. Қазақ халқы ертеден балаларына молдадан дәріс алғызып, медреселерде оқытқан. Кешегі ұлы Абай да, Шәкәрім де медресе табалдырығын тоздырған.


Бүгінгі күні жан-жақтан көз салған жат ағымдардың лаңы жастарды азғыруда. Оларға дұрыс жөн сілтеп, діни ілім үйретіп жүрген мешіт ұстаздарының еңбегі елеусіз қалмауы керек.


Қарағанды облыстық орталық мешітінде өткен төралқада шәкірт тәрбиелеп жүрген ұстзадар қауымы ұлықталды. ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Ө.Қ.Бекқожа өңір мешіттерінің ұстаздарына алғыс хат табыстады.


Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұстаздары Тағаев Нұрбол, Бакирова Арай және «Бала қажы» мешітінің наиб имамы әрі ұстазы Қалмағанбетов Нұржан, Саран қалалық мешітінің ұстазы Əбдіғали Естай және №1 қалалық мешітінің ұстазы Бақытгүл Жикеноваға шәкірт тәрбиелеуде зор еңбектері үшін алғыс хатпен марапатталды.


Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="20964,20963,20962,20961,20959,20960,20958"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары