Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Әр санаға сақтық керек
03 желтоқсан, 2015 жыл 20 Басып шығару нұсқасы

Балқаш теміржол бекетінде тұратын тұрғындар мешіт имамдарынан сауатын кеңейтіп жатыр. Өңірдегі білім ошағында діни бағыттағы кездесулер жиі өтіп тұрады. Балқаш қаласы мешітінің наиб имамы Айтқазин Рауанның басқаруымен №24 мектеп оқушыларымен басқосу өткізілді. Оқушыларға діни экстремизм туралы мол ақпарат берілді. Наиб имаммен қатар, полиция қызметкері, білім мекемелерінің мамандары қатысқан жиында жасөспірімдерге жат ағымнан сақтану жолдары ашып айтылды. Мектеп оқушыларының дені жат ағым ұғымын толық түсіне бермейтіндіктен, оларға Ислам турасында мол ақпарат берілді. Тура жолдан адастыруды көздейтін арам пиғылды өзге ағымдардың қандай жерлерде шоғырланып жүретіндігі айтылып, «бейтаныс, көзге оғаш көрінетін іс-қимылдардан бойды аулақ ұстап, сақтық шараларын қарастырып жүрген дұрыс», - деді Рауан Айтқазин. Сондай-ақ, наиб имам жастарды мол білім алып, елдің елеулі азаматтары болуға шақырды.


Балқаш қаласы мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="21225,21226,21227,21228"]

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары