Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Дін – тәрбие діңгегі!
03 желтоқсан, 2015 жыл 16 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасы «Дін мен дәстүр» сабақтастығы аясында Бұқар жырау ауданында кездесу өтті. Бұқар жырау ауданының бас имамы Аманбол Рымқұлұлы №1 қазақ орта мектебінің оқушыларымен жүздесіп, бүгінгі күннің басты мәселесіне айналған жат ағым жайында ақпар беріп, дәстүрлі діннің құндылығын насихаттады. Әңгіме барысында ханафи масхабының өміршеңдегін баяндап, бас имам жастарға жөн сілтеді. Оқушыларға имандылық – адами қасиеттің ең биік шыңы деп өскелең ұрпақты бауырмалдыққа, адамгершілікке үндеді.


Оқу ісінің меңгерушісі Еркін Жетпісбаев кездесуге қатысып, сөз соңында бас имамға алғысын білдірді. Оқушылар да қызықтырған сұрақтарын қойып, көңілге қонымды жауап алды.


Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="21281,21282,21283"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары