Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Дін қызметкерлері «Құлыншақ» жасөспірімдер үйіндегі қуанышты бөлісті
03 желтоқсан, 2015 жыл 87 Басып шығару нұсқасы

«Құлыншақ» жасөспірімдер үйінде «Ризашылық» күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шара өтті. Жылы жүрек пен аялы алақанға мұқтаж жасөспірімдер үйіндегі іс-шараға Қарағанды облыстық мешітінің наиб имамы Әбдірахманов Ысқақ, «Зекет» қорының өкілі Жуматаев Еркебай қатысып қайырымдылық пен ізгілік, мейірімділік пен бауырмалдық турасында насихат айтты. Рухани тәрбиенің адам болмысына тән қасиеттерін түсіндіріп, өмірдің сан қилы сынақтарынан сүрінбей өтудің тетігін түсіндірді. Әрбір қиындықтың артында бір жақсылық болатындығын жеткізіп, айналаға мейірім көзқарасымен қарауға үндеді. Қайырымдылықты ту еткен «Зекет» қоры мерекелік дастарханға қажетті азық-түлікке жұмсалған қаражатқа демеушілік көрсетіп, қаржылай сый тарту етті. Дін қызметкерлері мерекелік шара барысында жасөспірімдердің даярлаған концерттік бағдарламасын тамашалады.


[gallery link="file" ids="21294,21295,21296,21297,21298"]

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары