Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қазақстан әйелдері қоғамдық бірлестіктерінің қауымдастығын құру туралы шешім қабылданды
10 желтоқсан, 2015 жыл 9 Басып шығару нұсқасы

“Зайырлы мемлекет және дін қатынастары дәстүрлі руxани құндылықтар аясында” тақырыбымен өтіп жатқан әйел ұстаздарға арналған екі күндік оқыту семинары жалғасуда. Аталмыш семинарда жер-жерде шәкірт тәрбиелеп, қыздарды діни ілім-біліммен сусындатып жүрген ұстаздар қауымымен кеңесе отыра әйелдер қоғамдық бірлестіктерінің қауымдастығын құру жоспарға енгізілді.


Биылғы жылы Қырғыз елінде тұңғыш рет “Орта Азия мұсылман әйелдерінің I форумы өткен болатын. Ал 2016 жылы аталмыш форум Қазақстанда өтетін болады. Алда елімізде ұйымдамтырылуы тиіс “Орта Азия мұсылман әйелдерінің || форумында Қазақстан әйелдері қоғамдық бірлестіктерінің қауымдастығын құруды қолға алғалы отыр.


Әлем xалқының тең жартысын әйелдер құрайтыны белгілі. Әйелдер аудиториясы орасан зор істерді атқара алатыны рас. Қазақ қай кезде де әйел затына ерекше құрметпен қарағаны белгілі. Ата-бабамызда атқа мініп жауға шапқан, ел арасында даналығымен дара шыққан аналарымыз өте көп. Ал, қазіргі таңда әйелдер әлеуеті жеткілікті түрде пайдаланбай келеді дейді семинарға жиналғандар. Ал, бұл бастама осы олқылықтың орнын толтыруға септігін тигізетін бірден-бір жол болмақ. Бүгінгі қоғамда нәзік жандылар көп зорлық-зомбылық көріп, құқығы қорғалмай жатады. Заңсыз некеге тұру, ажырасу жағдайларының жиілеуі, әкесіз бала асырап отырған жалғыз басты аналар, әлеуметтік жағдайдың төмендігі сынды келелі мәселелер жабулы күйінде қалмай, шешімін табуы тиіс. Аталмыш қауымдастық қоғамда орын алып жатқан осы жәйттердің оң шешімін табу үшін еңбек етеді деп жоспарлануда.


Мұндай ұйымдар шет еллерде әлдеқашан қүрылып, осы мақсатта жұмыстар атқарып жатыр. Дін жолында қызмет етушілер де зайырлы мемлекет – Қазақстанда да “Діл иман” атты әйелдер қауымдастық құру ниетте.


ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="21342,21341,21340,21339,21338,21333,21336"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары