Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Момынды қайырлы іс табады...
10 желтоқсан, 2015 жыл 91 Басып шығару нұсқасы

«...Сендер не қайыр берсеңдер, Алла оны біледі...» (Бақара сұресі, 273-аят) деген аятты парыз тұтатын ел азаматтарының саны артып келеді. Шет ауданы Ақадыр кентінің «Данияр», «Серік», және «Алуа» дүкенінің басшылығы демеушілік жасап, өңірдің кәсіпкерлері мен біртуар азаматтары «Иса молда» мешітінің молдасы Азамат Кешубаевпен бірге әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 6 отбасына қайырымдылық жасады. Б.Қайранбеков, А.Қайранбекова, Н.Медиев есімді кәсіпкер азаматтар бұл отбасыларға бір қойдың етін, сұйық май, ұн, қант және тәтті тағамдарды теңдей етіп үлестірді. Қайыр істегеннің қадірі арта түссе керек. Азық-түлікпен қамтамасыз етілген отбасылар жүрегі Алла деп соққан бұл азаматтарға дән риза болып, ақ баталарын берді. Ауданымыздағы бас мешіт - «Жанқұтты би» мешітінің бас имамы Б.А.Маханбетчин осындай игі істерге ат салысқан азаматтарға үлкен алғысын жеткізді. Құран Кәрімнің «Зүмәр» сүресінің 10-аятында « Бұл дүниеде жақсылық істегендерге жақсылық бар.» делінген. Олай болса, жақсы істерімізді көбейтіп, мол сауабтар алайық.


Шет ауданы «Жанқұтты би» мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="21369,21370,21371,21372,21373,21374"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары