Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Қыз Жібек» клубы қыздар үшін еңбек етуде
10 желтоқсан, 2015 жыл 9 Басып шығару нұсқасы

Қазақ қызына тән қасиеттерді бір жерге шоғырландырып, қара көздеріміздің бойынан табылу керек әдеттер мен әдептерді, ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында құрылған «Қыз Жібек» клубының жұмысы таныстырылды. Астана қаласының «Әзірет Сұлтан» мешітінде өткен «Зайырлы мемлекет және дін қатынастары дәстүрлі рухани құндылықтар аясында» атты оқыту семинарының екінші күнінде «Қыз Жібек» клубымен дөңгелек үстел өтті.


Ұйымның басты мақсаты – қыз баласы болашақ ана, отбасының, қоғамның тәрбиешісі дегенді жас қыздардың бойына сіңіріп, басқаларға үлгі болу. 2012 жылдың 4 қарашасынан бері жұмыс істеп келе жатқан клубты алғаш болып құрған Алматы қаласының «Қыздар мемлекеттік педагогикалық университетінің» студенттері мен оқытушылары.


Бүгінгі күні аталмыш ұйым қанатын кеңге жайып, еліміздің 9 өңірінде ашылып, қызмет жасап жатыр. Жеткен жетістіктері де біршама. Университет қабырғасында «Қыз Жібек» атты газеттері шығып, мүшеліктегі қыздардың мақалалары, өлең-жырлары мен ақыл-кеңестері жарық көріп тұрады. Сонымен бірге клуб мүшелерінің «Қызым саған айтам» кітапшасы шыққан. Клуб төрайымы Маржан Ақтаева атқарған жұмыстары туралы фильм көрсетіп, таныстырды. Басқа да «Сырғалым», «Ақ Жүніс» атты клубтар да өз жұмыстарын түсіндірді.


Бұл «Қазақстан әйелдері қоғамдық бірлестіктерінің қауымдастығын құруға» бастама болып отыр.


Семинар соңында екі күн бойы елімізге танымал дінтанушылар мен дін саласына терең бойлап, зерттеп жүрген сарапшы мамандардың дәрістерін тыңдаған қатысушыларға ҚМДБ-ның төраға орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы сертификат табыстады.


ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="21380,21381,21382,21383,21384,21385,21386,21387,21388"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары