Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Студенттерге терроризм туралы түсінік берілді
12 желтоқсан, 2015 жыл 9 Басып шығару нұсқасы

Орталық Қазақстандық ХГТИ «Лингва» колледжінде діни экстремизм тақырыбы талқыланды. «Бала қажы» мешітінің найб имамы Қалмағанбетов Нұржан Оңғарұлы студенттерге діни экстремизм жайлы мол ақпарат берді. «Жат ағымның жетегінде кетіп, ата-бабадан келе жатқан көне дінімізден адаспайық. Жат ағымдар сіздер секілді жас буынның санасын улап, арам пиғылдарын жүзеге асырады. Олардың мақсаты бейбіт елдің берекесін қашыру», - деді Нұржан Оңғарұлы жасөспірімнің санасын оятып. Сонымен қатар, террорлық әрекеттерді жүзеге асыру мақсатында көп шоғырланатын орындар туралы айтып, ондай жерлерге бас сұқпауды ескертті. «Асыл дініміз қанатын кеңге жайып келе жатқанда тамырына балта шабуды қалайтындар көп. Солардың осындай керітартпа әрекетіне себепкер болып қалмаңыздар», - деп имам жастарды көзіқарақты болуға шақырды.


«Бала қажы» мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="21396,21397,21398"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары