Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Адасқандар» ауданда көрсетілді
12 желтоқсан, 2015 жыл 84 Басып шығару нұсқасы

Алғаш болып Қарағанды өңірінде шымылдығын ашқан «Адасқандар» спектаклі көрерменнің көңілінен шығып, елді-мекендерде көрсетіліп жүр. Бүгінгі қоғамның алаңдатарлық проблемасына айналып отырған жат ағымның ықпалы үрей туғызуда. Радикалды көзқарастағы діни алалаушылытың ығына жығылып жатқандардың көбі – жастар. Сондықтан да қазір қоғам болып, ел болып осы қауіптің алдын алу үшін қызмет істеп жатыр. «Адасқандар» қойылымы да жастарды жат ағымдардан бойын аулақ ұстауға үндейді.


Аталмыш қойылым Бұқар жырау ауданында да көрсетілді. Ауданның мәдениет үйінде қойылым қойылып, халық көп жиналды. Аудан мешітінің бас имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы сөз сөйлеп, театр ұжымына алғысын білдіріп, халыққа уағыз айтты. Қойылымды тамашалауға ауданға қарасты барлық ауыл имамдары келді. Халық театрдан жақсы әсер алғандарын айтып, алғыстарын білдірді.


Бұқар жырау ауданының баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="21400,21401,21402,21403,21404,21405"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары