Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Танымал теологтың уағызы жамағатқа әсер берді
12 желтоқсан, 2015 жыл 160 Басып шығару нұсқасы
Қарағанды өңірінде елімізге танымал дінтанушы, теолог, Йемен елінің Сана қаласындағы «Сәбә» университетінің түлегі, республикалық-ақпараттық насихат тобының мүшесі Арман Қуанышбаев қонақта болды.

Білікті дінтанушы аптаның бейсенбі, жұма күндері өңіріміздің мешіттерінде уағыз айтты. Бірінші күні Теміртау қаласының және Қарағанды №1 қалалық мешіттерінде болып, жамағатпен жүздесті. Екінші күні, күндердің ең қайырлысы – Жұмада Қарағанды облыстық орталық мешітінде Жұма уағызын айтып, кешкілік Ақшам намазынан кейін тағы да уағызын жалғастырды.

Дінтанушы айтар сөзін алда келе жатқан Тәуелсіздік күніне орайластырып, бейбітшілік пен бостандықтың баға жетпес байлығымыз екенін айтып, қадірін түсінуге үндеді.

«Тәуелсіздік – діни мереке десек қателеспейміз. Кешегі қылышынан қан тамып тұрған Кеңес заманында дінімізге тосқауыл қойып, ана тілімізде дінімізді дәріптейтін, уағыз есту, оқулық табу деген қиынның қиыны болды. Егеменді ел болғалы Аллаға шүкір, ислам дінінің қанаты кең жайылып, асыл дініміз де бостандыққа ие болды», - деді ол.

Уағыз тыңдауға жамағат көп жиналып, Арман Қуанышбаевқа арнап, сұрақтарын қойып жатты.

Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="21439,21440,21441,21442,21443,21444,21445,21446,21447,21448,21449,21450,21451,21452,21453,21454,21455,21456,21457,21458,21459,21460,21461,21462,21463,21464,21465,21466,21467,21468,21469,21470,21471"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары