Белгілі дінтанушы, теолог, РАНТ мүшесі Арман Қуанышбаев Қарағандыға келген сапарында Қарағанды облыстық орталық мешітінде шәкірттермен бір дастархан басында жиналып, жақын танысып, әңгімелесті.
Білікті маман шәкірттерге дәріс беріп, білген-түйгенімен бөлісті. Шәкірттерге ақида, яғни иман шарттарына қатысты сұрақтар қойып, мүдірмей жауап берген шәкірттерге ризашылығын білдіріп, көңілі толғанын айтты.
Сонымен қатар Арман Қуанышбаев Темірау қаласының ҚарМИУ және Теміртау қаласының «сауда және тамақтану» колледжінің студенттерімен кездесіп, жастарға рухани нәр берере ілімімен бөлісті.
Екінші күні ҚР-ның ІІМ Қарағанды академиясында қонақта болып және «Сары-Арқа» аэропорт қызметкерлерімен кездесті. Өңір халқы дінтанушыға алғыстарын білдіріп, көкейіндегі сұрақтарын қойып жатты. Арман Қуанышбаев, қоғамда дау туғызып, ислам дінініне кереғар пікір тудырып жүрген жастардың іс-әрекеті жайлы айтып, асыл дініміздің аясы кең, ислам ықылым заманнан жақсылыққа үндейтінін халыққа ашып түсіндірді.
Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер