Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Кітапханада мазмұнды кеш өткізілді
15 желтоқсан, 2015 жыл 5 Басып шығару нұсқасы

Дін - кез келген жеке адам, қоғам, ұлт өміріндегі ең маңызды фактор. Ислам - адам баласына айналадағы жанды-жансыз барлық жаратылысқа қамқорлықпен, жанашырлықпен қарап, оларды заңды жолдармен және белгіленген мөлшерде пайдалануды әмір ететін дін. Қарағанды №1 мешітінің кітапхана меңгерушісі Қорабаева Қарлығаш оқырмандарды жинап рухани кеш өткізді. Рухани кеште №1-мешітінің наиб имамы Байсенбаев Хайрулла оқырмандарға жат ағымдар туралы айтып, олардың теріс іс-әрекеттері турасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Арнайы даярланған бейнеролик көрсетіліп, аяғын шалыс басқан жастардың өкініштерін білдірген сұхбаттары баяндалды. Діни ағымнан сақтану үшін діни сауатты болудың артықшылықтары айтылып, кітапхана оқырмандарының санын көбейту жолдары қарастырылды.


Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="21526,21527,21528"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары