Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Желтоқсан құрбандарын еске алды
16 желтоқсан, 2015 жыл 5 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облыстық орталық мешітінің кітапханасында «Желтоқсан жаңғырығы» атты рухани кеш өтті. Кеш қонағы талай боздақтар қыршын кеткен желтоқсан оқиғасының куәгері, бүгін де қоғамның түйткілді мәселелерін қозғап, қалам тербеп жүрген журналист, филолог Дәулет Оспанов. Сонымен қатар Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Қосмағамбетов Бекболат қатысып, жастарға Тәуелсіздік баға жетпес байлығымыз деп егемендігімізді бағалай білуге шақырды.


Рухани танымы мол кешке кітапхананың тұрақты оқырмандары мен мектеп оқушылары қатысты. Аталмыш шараны ұйымдастырып, мұрындық болған мешіттің кітапханашысы Дания Абеуова.


Әділдік үшін жан берген боздақтардың ерлігі мен қайтпас қайсарлығына тағзым етіліп, желтоқсан оқиғасы туралы деректі фильмдер көрсетілді.


Жастардың алдында сөз алған Дәулет Оспанов желтоқсан оқиғасы әлі де көз алдымда дей келе тәуелсіздікке ештеңе тең келмейді деді. Өскелең ұрпаққа ағалық ақылын айтып, болашаққа нық қадам басуға, еліңе қызмет етуге үндеді.


Шараны ұйымдастырушы Дания Абеуова кешегісін білмеген ұрпақ, бүгінінің қадірін білмейді. Сондықтан да тарихқа шегініс жасап, елі үшін еміренген ұл-қыздарымызды еске алу азаматтық борышымыз деді.


Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="21608,21609,21610,21611"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары