Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Өкіл имам «Шапағат» медалімен марапатталды
18 желтоқсан, 2015 жыл 87 Басып шығару нұсқасы

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы, Қарағанды облыстық орталық мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа «Шапағат» медалімен марапатталды. Бүгін егеменді ел үшін ерен еңбек етіп, ынтымақтастық пен достықты нығайтуға үлес қосқан біраз азаматтар марапаттарға ие болды. Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков еліне еңбегі сіңген қоғам белсенділеріне ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен «Құрмет», «Парасат», «Еңбек ері» және «Шапағат» сынды төсбелгілерін табыстады.


Ел болып еңсемізде еңсергенімізге биыл 24 жыл. Осы аралықта қазақ елі талай асулардан асып, жемісті жетістіктерге жетіп жатыр. Ел тәуелсіздігі мен қатар тамырынан ажырап қалған дәстүрлі дініміз де қанатын қайта кеңінен жайды. Егеменді ел болғалы, көк күмбезді мешіттеріміздің саны артып, халықтың дені дінге бет бұра бастады. Діни оқу орныдардың да саны артып, ата-бабамыз ұстанған шариғи жол жолға қойылып, дін өкілдері халықтың жүрегіне иман ұялатып, діни-сауатты өскелең ұрпақ тәрбиелеуде еңбек етіп жатыр. Өмірзақ қажы Қазкенұлының бүгінгі жеткен жетістігі –асыл дінімздің ардақталғанының көрінісі.


Өкіл имам «Алдағы уақытта да алған бетімізден таймай, иманды, діни сауаты толысқан ұрпақ тәрбиелеуге барымызды саламыз. Жүрегі иманға толы жастардың күн санап көбейгені, еңбектің ақталғаны», - деді.


Марапаттау соңынан Тәуелсіздік күніне орай қойылым қойылып, өңірдің әншілері мен бишілері өнер көрсетті.


Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="21555,21556,21557,21558,21559,21560,21561,21562,21563"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары