Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Тәуелсіздік күні салтанатты түрде тойланды
21 желтоқсан, 2015 жыл 79 Басып шығару нұсқасы
Пришахтинск елді мекеніндегі «Таңшолпан» жетімдер үйінің тәрбиеленушілері «Тәуелсіздік күнін» ерекше тойлап өтті. «Бала қажы» мешітінің бас имамы Нұров Махмұт қажының басқаруымен мешіт жамағаты жетім балаларға берекелі дастархан жайып, қуыршақ театрын шақырған. Тәтті тағамдардан жеп, салтанатты кеште ән айтып, би билеген әрбір жастың жанарынан қуаныш лебі сезілді. Салтанатты мереке көпке дейін күлкі сыйлап, балақайларға сыйлықтар табыс етілді. Мекеме қызметкерлері де мешіт ұжымының осындай игілікті шараны ұйымдастырғанына дән риза. Әрбір тәрбиеші жөргектегі баласына ас бергендей қуаныштарын жасыра алмады. Мешітіміздің наиб имамы Нұржан Қалмағанбетов шәкірттермен бірге қолға алған бұл шара әркімге сабақ болардай.

Жетім балалардың бұл қуанышы ұзаққа созылары хақ. Алла Тағала: «...Хайырдан не істесеңдер, күдіксіз Алла оны біледі» деген. Олай болса жетімнің басынан сипап, қайырлы істеріміздің санын арттыра түсейік!

«Бала қажы» мешітінің баспасөз қызметі

 

[gallery link="file" ids="21589,21590,21591,21592"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары