Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Дінің - діңгегің
21 желтоқсан, 2015 жыл 84 Басып шығару нұсқасы

Ақпараттық-насихаттық топ кездесу өткізді


Жамағат арасында діни сауаттылықты арттыру мақсатында аудандық ақпараттық-насихаттық топ Киевка №2 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушыларымен, білім беру бөлімі мамандары мен кездесті. Топ құрамында аудандық орталық мешітінің бас имамы Қ.Қоныскерей, ішкі саясат бөлімінің басшысы З.А.Даутоважәнеішкі саясат бөлімінің дін істері жөніндегі жетекші маманы Ә.Сапар болды. Кездесу барысында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, жат ағымдардан сақтандыру жөнінде әңгіме өрбіді. Тыңдаушылар тарапынан қазіргі діни ахуал, қазақ халқы үшін дәстүрлі ханафи мазһабын ұстану жөнінде сұрақтар қойылып, ақпараттық-насихаттық топ мүшелерінен тұшымды жауаптар алынды.


«Жастар тәрбиесі қай заманда да қоғам үшін өзекті болған. Бірақ бүгін де өскелең ұрпақты ата-салты мен дәстүрінен адастыратын ағымдардың айы оңынан туып тұр деуге болады. Сондықтан секталардың жетегінде кетпей, ақ пен қараны ажырата алған жөн, – дейді бас имам Қ.Қоныскерей – Өмір көрген ислам дінін бойына сіңірген аға буын өкілдері арам пиғылды ағымдардың арбауына түспейтіні анық. Ал жастар ара жігін ажырата алмай, солардың жетегіне кетіп қалуы әбден мүмкін. Сондықтан жастардың діни-сауаттылығын арттыру сізбен біздің басты парызымыз».


Саяси маңызызор кездесу барысында жастар өздеріне қажетті ақпараттарды ала білді.


Олжас Бексұлтанов


[gallery link="file" ids="21613,21614"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары