Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Өркен Медиа» арнасына «Мәуліт» туралы сұқбат берілді
24 желтоқсан, 2015 жыл 33 Басып шығару нұсқасы

Мұсылмандардың ұлық мерекесінің біріне айналып жатқан «Мәуліт» мерекесін Балқаш халқы ерекше атап өтуде. Балқаш қаласы мешітінің бас имамы Төлтаев Ербол Мұқанұлы жергілікті «Өркен Медиа» телеарнасына «Мәуліт» мейрамы жайлы сұқбат берді. Асыл Пағамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туылған күнін ерекше атап өтуде Алла елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) көптеп салауат айтудың қайыры мол екені турасында айтылды. Сондай-ақ, сұқбат барысында бұл мереке туралы біле бермейтін тұрғындарға «Мәуліттің» шығу тарихы мен бұл күндерді қалай өткізген абзалырақ болатыны қамтылды. Ербол Мұқанұлы өңірдің барлық тұрғындарын уақытты тиімді пайдаланып, бір-бірімізге жылы лебіз таныта, мұқтаждарға қайырымдылық жасап, садақа беріп, Құран оқып, Аллаға зікір етіп өткізуге шақырды.


Балқаш қаласы мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="21687,21688"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары