Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Жат ағымға жуыспа, дәстүріңді ұлықта
25 желтоқсан, 2015 жыл 88 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды политехникалық колледжінде кездесу өтті. Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұстазы Джаримбетов Мұхит және ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамының кеңесшісі, көмекшісі Мұсабеков Нұржігіт колледж студенттерімен жүздесіп қайтты. Дін қызметкерлері жастарға қаймағы бұзылмаған ата дініміз жайында тарқатып айтып, бүгінгі сан-салаға бөлінген діни ағымдардың қайдан туындап жатқанын, қандай қауіп-қатерге ұрындыратынын түсіндірді. Сонымен қатар жастарды мұндай ағымдардың жетегінде кетпес үшін терең білімнің ауадай қажет екенін тілге тиек етіп, ілім – дұрыс жолға бастар бағдаршам іспетті деді. Іліммен қоса жүректің таза болуы, жүзіңнен иман нұры төгіліп тұруы – нағыз мұсылманның бейнесі екенін Құран сөзі мен пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмір жолынан мысал келтіре отыра әңгімелеп берді.


Кездесуге 200 студент жиналып, дін өкілдеріне сұрақтарын қойып, толғандырған мәселелеріне жауап алды.


Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="21716,21717,21718,21719,21720"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары