Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Мешітте мәуліт оқылып, насихат айтылды
25 желтоқсан, 2015 жыл 9 Басып шығару нұсқасы

Шынында мына заман қалай келген?


Біздерге таңырқарлық сөзді берген.

Құран Кәрім ғылымды кеңейтуші,

Келді дейміз Мұхаммедтей кемеңгерден.

Аллаға шүкірлер болсын, биылғы Мәуліт айына да еліміз аман, жұртымыз тыныш күйде қауыштық. Қасиетті Құранның "Ахзап" сүресi 21-аятында Алла Тағала: "Расында сендер үшiн, Алладан, ақырет күнiнен үмiттенгендер мен Алланы еске алып тұратындар үшiн Расулуллада (Мұхаммед пайғамбарда ) әлбетте тамаша өнегелер бар" деп ұқтырады. Иә, адамзат үшін ақиқат дін жолында, бес күндік жалған дүниеде Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) тамаша үлгі-өнеге. Сондықтан шынайы мұсылманның өмірдегі басты мақсаты – пайғамбарымыздың сүннетіне еліктеу. «Хаққа құл, расулға үмбет әзелден біз», – деп мұсылман екенін мақтан ете отырып, жырға қосқан қазақ халқының да Хақ пайғамбарға деген сүйіспеншіліктері шын жүректен әрі уыздай пәк еді. Демек, Алланы сүю – Пайғамбарды сүйіп, оның салған тура жолымен жүру деген сөз. Оның ізі – Алла Тағаланың ризалығына алып баратын ең тура бағыт. Оның ізі – бақыттың жолы. Қазақ халқы осыны жан-тәнімен ұғынып былай деген:

– Бақыт қайда барасың? – Үйінде тұрған Құраны, Расул Алла ұраны, Тәртіпті үйге барамын.


Мұсылмандық өмірінде Құран кәріммен сусындаған ақын бабаларымыз рақым Пайғамбарға (с.а.с.) деген сүйіспеншіліктерінен туындаған жыр жолдарына осы аяттарды да негіз еткен.


Осындай игі істі өрістету мақсатында Қарағанды қалалық №1-мешітінің бас имамы Орманбет Болатұлының басшылығымен қасиетті жұма күні мешітте жамағатпен бірге мәуліт оқылып, салауаттар айтылды. РАНТ мүшесі, Қарағанды облыстық мешітінің ұстазы Нұрбол Тағаев жамағатқа уағыз айтып, наиб имам Ермахан Оралбай нақышына келтіріп мәуліт оқыды. Жұма намаздан соң дастархан басында ақсақалдар мен жамағаттарға дәм беріліп, мәуліт айының құрметіне ұстаз Нұрбол пайғамбарымыздың өмірінен сыр шертетін тағылымды уағыз айтты. Біз де баршамызға осы мерейлі мейрамның аясында Алла Елшісін жақсырақ танып, өсиеттерін тереңірек түсінуді нәсіп етсін тілейміз. Осы мереке адамдар арасындағы рақым мен


мейірімнің, имандылық пен бауырмалдықтың арта түсуіне бір сеп болғай. Еліміздің еңсесі биік, тәуелсіздігі тұғырлы, діні бекем болсын!


Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="21737,21738,21739,21740,21741,21742"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары