Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Жамағат жамыла «Мәуліт» оқыды
25 желтоқсан, 2015 жыл 4 Басып шығару нұсқасы

Әлемге ардақты болған Алла елшісін (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) құрметтеп, Мәуліт мерекесін мерейлі атап өтуді парыз тұтқан Балқаш қаласы мешітінің имамдары мешітте жамағатпен жиналып Мәуліт оқыды. Жұма намазына дейін мешітке жиналған жамағат Пайғамбарымызды (оған Алланың игілігі мен сәлемі бослын) еске алып, мол салауат айтты. Мешіттің наиб имамдары Айтқазин Рауан және Валиев Ахмадуллох Мәуліттің шығу тарихы туралы, бұл мерекені атап өтудің маңыздылығы жайында уағыз айтты. Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өнегелі өмірінен сыр шертіп, оның сүннетін мешітке жиналған қауымға насихат етті. Сондай-ақ, наиб имамдар жамағатты мәуліт айы бойына садақа беріп, қайырымдылық жасап, ең бастысы Алла елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айтып, мол сауабтардан алуға шақырды.


Балқаш қаласы мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="21748,21749,21750,21751"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары