Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Мерейі үстем - «Мәуліт»
28 желтоқсан, 2015 жыл 13 Басып шығару нұсқасы

Мәуліт мерекесі «Теміржолшылар» бекетінде де аталып өтті. Балқаш қаласының Теміржол бекетіндегі «Теміржолшылар» мешітінің бас имамы Медет Әлімқұлов жұма намазына дейін мешіт жамағатына «Мәуліт» оқыды. Жиналған жамағатқа Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірі туралы, Исламды дамыту жолындағы күрестері туралы мол уағыз айтылды. Жамағатпен бірге Аллаға мадақ айтып, Алла елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауат оқыды. Жұртшылықты осы айда көптеген жақсылықтар істеп, Пайғамбырымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айтып, садақа беріп, қайырымдылықтармен мол сауаптар алуға шақырды.


Балқаш қаласы мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="21753,21754,21755,21756"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары