Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Дәстүрлі дін дәріптелді
28 желтоқсан, 2015 жыл 61 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды политеxникалық университетінің жатақxанасында кездесу өтті. Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұстазы Джаримбетов Мұxит университеттің студенттерімен кездесіп, дәстүрлі дініміз жайында тарқатып айтты. “Жастар ісі” аясында ұйымдастырылып отырған кездесудегі басты мақсат- өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие беру. Мешіт ұстазы студенттермен емен-жарқын әңгімелесіп, xанафи мазxабының өміршеңдігін түсіндірді. “Дәстүрлі дініміз қашан да бейбітшілік пен жақсылыққа үндейді” деген ұстаз жастарға Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өнегелі өмір жолын айта отыра, бірлік пен ынтымақтастықта болуға шақырды. Алауыздық пен адасушылыққа ұрындыратын жат ағымдардың құрығынан сақ брлыңдар деп, оның жолы – ілім-білімде екенін де айта кетті. Студенттер де көкейдегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.


Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="21758,21759,21760,21761,21762"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары