Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Пайғамбарымызға салауаттар айтылды
30 желтоқсан, 2015 жыл 13 Басып шығару нұсқасы

Өткен қасиетті жұма күні қаламыздағы «Нұр» мешітінде жұма намазына жиылған жамағатқа мешіттің бас имамы Алимбек Мирзаев пен наиб имам Әсет Ибраевтың бастамасымен қасиетті Мәуліт айына байланысты Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) салауаттар айтылып, насихат жұмыстары жүргізілді.


Уағызды пайғамбарымыздың өнегелі өмірі мен қызметінен, сондай-ақ, имандылықтан бастап, адамгершілік, азаматтық парыздарды да жалпақ жұртқа жеткізген бас имамымыз мәуліт мерекесінің ерекшелігі мен маңызын ашып, айқындады. Расында да, Хақ тағала елшісінің есімі ғасырлар бойы мұсылман жұрағатының жүрегінде өшпей, ұрпақтан ұрпаққа үлгі етіліп келеді. Заманында сахабалар оның (с.ғ.с.) соңынан еріп, игілікті іс жолында имандылық, парсаттылық жұмыстарды атқарды.Тіпті ішкен астарын жерге қойып, пайғамбарымыздың өнегелі қызметтерін жұртшылыққа таратты.


Нұрлы жүзімен, ақыл-парасатымен күллі мұсылмандардың жүрегіне жол тапқан пайғамбарымызға салауат айтушылардың санында шек болмады. Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) кіршіксіз таза рухани күшіне сүмбе талдай иілген жұртшылық оған арнап күні-түні салауаттар айтатын. Алла тағалымздың сөздері-баға жетпес байлық, ақыл жетпес даналық және тіл жетпес шешендік екені ақиқат. Ұлы Жаратушымыз өзінің күнәден пәк періштелерінің алдында пайғамбарымызды ұлықтап, салауат айтқаны белгілі. Сондықтан пайғамбарымыздың дінін ұстанып, оған салауат айтқан әрбір мұсылман ол кісінің сүннетіне ілесіп, осындай мадақтарға лайық бола алады екен.


Раббымыз өзі жіберген Ұлы Құран Кәрімде: «Кімде-кім пайғамбарға бір салауат айтса, мен оған он салауат айтамын» деген екен. Демек, дүниедегі барлық адамдарға пайғамбар ретінде жіберілген пайғамбарлардың ең соңғысы және ең үстемі Мұхаммедке (с.ғ.с.) арнап салауат айтқан пенде мол сауапқа кенелері сөзсіз. Осындай жанға жағымды, рухани жан дүниеңді тербейтін уағыздар айтқан мешіт имамдары мұсылман қауымды тек салауаттар айтуға ғана емес, өзгелерге жақсылықтар жасауға, әсіресе көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беруге шақырып, тағылымы мол насихаттар айтты.


Бір айта кетерлігі, мшітімізде құптан намазынан соң ғибадатханада намазға жығылып, сәждеге маңдайы тиген мұсылман жұрағатына әр сенбі күні ас беру дәстүрге айналған.Бұл игі бастаманы жаңа имамыз қолға алыпты. Сонымен қатар, жаңа мешін жылынан Ә.Ибраевтің бастамасымен мешітімізде тәлім алып жатқан жастар күшімен жәрдемге мұқтаж жандардың шаруаларына қол ұшын беру жоспарлары да жүзеге асырылмақ. Иә, бала кезімізде «Тимур және оның командасы» патриоттық фильмді жақсы көретінбіз. Мешітіміздің имамдары сол ескі игі үрдісті қайта жаңғыртпақ. Айтарымыз, игі бастамаларыңыз өз жемісін берсін демекпіз.


А.Тұржанов, Шахтинск қаласы      


[gallery link="file" ids="21798,21799"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары