Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Мәуліт айында қайырымдылық жасалды
05 қаңтар, 2016 жыл 14 Басып шығару нұсқасы

«Зекет» қорының Қарағанды өңірі бойынша өкілі Жұматаев Еркебай мен «Жастар ісі» бөлімінің меңгерушісі Уақасов Мадияр Мәуліт айының құрметіне тағы да қайырымдылық шараны ұйымдастырып, бұл жолы сырқатқа шалдыққан балдырғандардың көңілін көтерді. Қаламыздағы туберкулезге қарсы емдеу сауықтыру балалар шипажайына арнайы барып, мекеме қызметкерлерін мәуліт мерекесімен құттықтап, сауапты амалдардың игілігі турасында сұхбат жүргізді. Салтқа айналған дәстүрі бойынша балаларға арналған бағалы ойыншықтар, мекеме еденіне төсейтін үш кілем тарту етті. Зекет қорының әрдайым ыстық ықылас танытып, жүйелі түрде жасап отыратын қайырымды жұмыстарына мекеме басшылары алғыстарын жеткізді. Алла елшісі Мұхаммед (с.ғ.с) өнегелі өмірінде адамзат үшін көптеген үлгі қалдырған. Соның бірі аз болса да, сауапты істен қалыс қалмай қайырымдылық пен мейірімділікке тән істерді шынайы ниетпен атқаруға үндейді. Тиісті орындарға көмек көрсетіп отыруды мақсат еткен «Зекет» қоры пайғамбарымыздың осы өнегесін басшылыққа алған. Шара соңынан қордың өкілі балаларға саулық тілеп, жаны да, тәні де сау болсын деп игі тілегін жеткізді.


[gallery link="file" ids="21828,21829,21830,21831"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары