Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Имамдар білімдерін жетілдіруде
08 қаңтар, 2016 жыл 12 Басып шығару нұсқасы

Алматы қаласының «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде имамдардың білімін жетілдіру курсы өтіп жатыр. Іргелі білім ордасының білікті ұстаздары имамдарға сабақ өткізіп, өз білгенімен бөлісуде. Бір айлық оқыту семинарында республика бойынша 90 имам діни білімін жетілдіретін болады. Оның ішінде Қарағанды өңірінен ­ 5 имам жіберілді.


Білім қай кезеңде болмасын маңызын жойған емес. «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні ғаріп», - деген даналық сөз тегін емес. Білімнің таяздығынан қандастарымыз ел асып, теріс пиғылды діни ағымдардың ығына жығылып жатыр. Дін жолында қызмет етіп жүргендердің барлығының көксегені – діни сауатты ұрпақ тәрбиелеу.


Шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Наурызбай Тағанұлы мен «Нұр-Мүбәрак» университетінің проректоры, профессор Шамшадин Керім мырза келіп, оқыту семинарының маңыздылығына тоқталып, имамдарға зейіндеріңіз ашылсын деп ізгі ниеттерін білдірді.


Маңызы мол семинарды студенттердің қысқы демалыс кезін пайдаланып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен «Нұр- Мүбарак» университеті біріге ұйымдастырып отыр.


Мұндай курстардың көптеген елдерде іске асқан тәжірибе әрі еліміздегі өзге  салаларда да қалыптасқан үрдіс  екенін атап өткен университет проректоры Шамшадин Керім алдағы уақытта мұндай курс  тамыз  айына жоспарлануда деді.


        Бүгінгі күні діни ілім-білімге аса көңіл бөлініп жатқаны белгілі. ҚМДБ-ның жанында Республикалық  имамдардың  білімін жетілдіру институтының еліміздегі бірнеше мыңдаған имамдардың білімін жетілдіруге бір ғана оқу орнының мүмкіндігі жете бермейтіндіктен, бұдан бөлек, қысқа мерзімді курстардың пайдасы мол. Имамдар маңызды пәндерді оқумен қатар қазіргі қоғамда кездесетін күрделі жайттарға қатысты мәселелердің шешімін табатын болады.


Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="21864,21865,21866,21867,21868,21869,21870,21871,21872,21873,21874"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары