Жаратушы раббымыз Алла әрбір мұсылман баласына тал бесіктен, көр бесікке дейін ілім алуды парыз қылған. Хақ Тағаланың тарапынан барша адамзатқа уахи болған, 14 ғасыр бойы бір әрпі, бір нүктесі өзгермеген қасиетті Құрани Кәрімді үйреніп, оқу үшін Шахтинск қалалық «Нұр» мешітіне сонау Абай ауданы, Топар кентінен жасы 88-ге келген Ыбырай Төлегенұлы ақсақал келіп, наиб имам Ибраев Асеттен Құран әліппесін үйреніп, тәжуид қағидаларын жаттауда. Ақсақалдың бұл ісі келешек жастарға үлгі-өнеге. Алла қарияларымыздың өмір-жастарын ұзақ қылсын деп дұға тілейміз.
Пікірлер