Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Отанды сүю – иманнан»
13 қаңтар, 2016 жыл 85 Басып шығару нұсқасы

«Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы» кітабы Балқаш өңірінде кеңінен насихатталып жатыр. Мешітіміздің найб имамы Валиев Ахмадуллох медицина колледжіне барып, болашақ маман иелеріне уағыз-насихат жүргізіп қайтты. Жас буынды отансүйгіштікке, жоғары білім алуға, имани сенімді арттыруға, адамгершілік пен бірлікке шақыратын хадистер айтылды. «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» тақырыбында жалғасын тапқан бұл кездесуден жастар мол ілім алды. Ислам негіздері мен ақида туралы түсініп айтылып, жастарды мешітке келіп, діни сауат ашуға шақырды. Тәлім алып жатқан әрбір азамат келелі кездесуде көптеген сауалдарға жауаптар алды. Өмір бойына адамдармен тікелей және жанама жұмыс атқаратын медицина саласының қызметкерлеріне адамның жан дүниесін байытып, рухани демеушілік жасау басты міндеттерге жататыны ескертілді. Сол себепті рухани тәлім-тәрбиенің өзегі болар дін тақырыбы, оның тарам-тарам болып кеткен бөлшектері, соның ішінде Отанды сүю, ұлтты сүю секілді тақырыптар жайлы мол уағыз айтылды.


Балқаш қаласы мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="21937,21938,21939,21940"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары