Теміртау қаласының орталық мешітінде дәстүрге айналған сенбілік уағызы өтті. Уағызға Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұстазы Қуатбеков Асқар Мейрамбекұлы да қатысты. Асқар ұстаз жиналған жамағатқа «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2020 жылға дейінгі діни білім беруді дамыту Тұжырымдамасы» жарыққа шыққанынан хабардар етіп, құжатнаманың мақсаты мен мазмұнына тоқталды. Алдағы уақытта мешіт ұстаздары шәкірттерге тұжырымдамада бекітілген бағдарлама бойынша сабақ беретін болады.
Мешіт ұстазы Асқар Мейрамбекұлы «Аталмыш тұжырымдама – халық арасында діни сауаттылықты нығайта түсуге үлкен мүмкіндік. Діни ілім-білімнің бір жолға қойылуы, асыл дініміздің қайта қанатын кең жайып келе жатқанының нышаны», - деп түйіндеді сөзін.
Зейіні ашылап, діни ілім алуға асығатын жандардың саны арта берсін!
Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер