Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Экстремизимнің алдын алу пысықталды
15 қаңтар, 2016 жыл 9 Басып шығару нұсқасы

image1Қоғамның іріткісі болып отырған діни экстремизм мәселесі ушығып кетпеуі үшін дін қызметкерлері жиы басқосу өткізуде. Сондай ірі жиын Балқаш қаласында өтті. Балқаш қаласы мешеті, Балқаш қаласының ішкі саясат бөлімі, Балқаш қаласының Ішкі Істер Басқармасы, Балқаш қалалық Төтенше Жағдайлар Басқармасы, медицина колледжі және өзге дін өкілдері жиналып, діни экстремизмнің алдын-алуды пысықтады. Мекеме қызметкерлері түрлі тақырыптарда дәрістер оқыды. Балқаш қаласы мешітінің найб имамы Валиев Ахмадуллох «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» тақырыбында уағыз айтып, мұсылманның бет-бейнесі, жан-дүниесінің құндылығын арттыру жайында хадистер келтірді. Жиынның мақсаты – діни экстремизмнің алдын алу, жат ағымдардың шығу ошақтарын жою, мәселеге саяси, ұлттық, діни тұрғыда қарау, жастарға тура жолды көрсетіп, насихаттау болатын. Осы көрсетілген тараулар кең көлемде пысықталып, алдағы уақытқа үлкен жоспар қойылды. Алдағы күнде сол жоспар негізінде көптеген игі шаралар атқарылатын болады.


Балқаш қаласы мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары