Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Шәкірттерге Тұжырымдама таныстырылды
18 қаңтар, 2016 жыл 11 Басып шығару нұсқасы

«Бала қажы» мешітінің бас имамы Нұров махмұт қажы Нұрұлы жекенбі кешінде мешіт шәкірттерінің басын қосып Құран хатым етті. Кең дастархан жайылып Мәуліт оқылды. Алла елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауаттар айтылды. Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаяны, бізге жеткен хадистері, көркем мінезі т.с.с. уағыздар айтылды. ҚМДБ Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2020 жылға дейінгі діни білім беруді дамыту Тұжырымдамасы» таныстырылды. Сауат ашу дәрістері осы Тұжырымдама негізінде оқытылатын болады. Үздіксіз білім берудің жаңа үлгісі қарастырылған қосымшаны мешіт ұстаздарынан алып танысуға болады. Діни білім ошақтарында білім алған әрбір шәкіртке білім алғандығын растайтын сертификат табыс етілетінін жеткізді бас имам.


«Бала қажы» мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="22052,22053"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары