Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Мешіт жұмысы пысықталды
21 қаңтар, 2016 жыл 11 Басып шығару нұсқасы

Ақтоғай аудындық орталық мешіттің бас имамы Түкетаев Ардақ Әділханұлы аудан әкімінің ауылдарда өткізген есебіне қатысып, дін тақырыбына қатысты айтылған мәселелерге ерекше көңіл бөлуде. Сарышаған ауылында болған кезекті есеп беру жиынына қатысқан Ардақ Әділханұлы орайлы сәтті пайдаланып, ауыл тұрғындарымен кездесіп қайтты. Халықтың рухани өмірінен хабар алып, мерейлі Мәуліт мерекесімен құттықтады.


Бас имам Тасарал ауылының мешітінің хал ахуалымен де таныстып. Мешіт молдасы Тілеубай ағамен кездесіп, мешіттің ішкі-сыртқы жұмыстарына қатысты тапсырмалар жүктеді. Өңір тұрғындары мешіт молдасынан білімдерін толықтырып, діни насихаттарынан үлгі алып жатқандығын жеткізді. Осы орайда жамағатпен болған намаздарда Мәуліт мерекесіне қатысты уағыздар айтылып, Алла елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туылған күнін кең көлемде насихаттауын жеткізді. Атқарып жатқан ерен еңбегіне ризашылығын білдіріп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.


Ақтоғай аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="22100,22101,22102,22103"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары